Баланың бала бақшадан кейінгі өмірі, әрине, мектеп.
Мектепке алғаш бару - бала өмірінде
үлкен жаңалық, өзгеріс деп те айтуға болады. Баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай,
оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру мақсатында №12 орта мектебінде мектепалды
даярлық курстары жүріп жатыр. Онда білімді де, білгір мұғалімдер сабақ беруде.
Мектепке дайындау – бұл тек талпыныс баланы жинау, яғни,
баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі арта түсуі,
логикалық операцияларды орындай алуына көңіл бөлінеді, баланың оқуда білімді
табысты болуына көмек көрсетіледі. Баланың
мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл
үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы — ата-ананың, мұғалімнің және
психологтың бірігіп жұмыс істеуі.
Балаларға, білім әлеміндегі алғашқы
жетістіктері үшін сәттілік тілейік !