10.12.2022 күні "Мектеп және ата-ана" жобасын жүзеге асыру мақсатында ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қатысуымен "Игры при столах" атты интеллектуалды ойын өтті. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңде музыка, кино әлемі, блиц-сұрақтар дан құралған тапсырмалар ұйымдастырылды.
02.12.2022 күні мектебімізде "1-11" интелектуалды ойыны өткізілді.
Ойында 1-11 сыныптар арасында әр оқушы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, мектеп директоры Сайран Азнабайқызымен жарысқа түсті. Ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті.
2022 жылдың 29 қараша күні мектебімізде ANTI-BACKPACK DAY өтті
Бұл күні мектепке оқушылар мен мұғалімдер өз тапқырлықтарын алға тартып, өз қажет құралдарын басқа заттарға салып келді.
22.11.2022 ЮИД отрядының жас инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына "Жол белгілері әлемінде" атты жолда жүру ережелеріне қатысты викторина өткізді.
04.11.2022 балалардың күзгі демалыс уақытында интелектуалды-танымдық "Игры при столах" ойыны 8-11 сынып оқушылары арасында ойнатылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
03.11.2022 балалардың күзгі демалыс уақытында интелектуалды-танымдық "Игры при столах" ойыны 5-7 сынып оқушылары арасында ойнатылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
03.11.2022 күні 8-11 сыныптар арасында күзгі бал іс-шарасы өткізілді.
Оқу жылының қазан айының 30 күні 5-7 сыныптар арасында күзгі бал өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CkVOy3IjVX9/
По осенней традиции в школе прошло мероприятие "Miss&mister autumn2022" среди учащихся начальной школы
2022-2023 оқу жылында 24 қазан күні Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. іс-шара барысында оқушылар Отанға арналған өлеңдерін оқып, домбыра шертіп өз өнерлерін көрсетті.
№12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 30-қыркүйегінде өткізілген «Ұстаздар күніне» арналған іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 30-қыркүйегінде «Ұстаздар күніне» арналған іс-шара аталып өтілді. Іс-шараның мақсаты:
Іс-шара мазмұны жағынан бағдарлама түрінде өткізілді. «ҰстазTV» атты бағдарламаға қонақтар ретінде мектеп парламентінің президенті, мектеп психологы басты қонақтар ретінде шақырылып, бағдарламалық байланыс жасалды. Ал көрермен ретінде мектеп мұғалімдері, еңбек және педагогикалық еңбек ардагерлері қонақ болды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, би, ән, КВН, өлең оқу секілді қойылымдар қойылды. Мереке күні ұстаздар күнімен бірге, «Қарттар күніне» де бағытталған мазмұндағы қойылымдар болды. Ардагерлерді марапаттау, құттықтау шарасы болды, оларға арналған видеоқұттықтаулар көрсетілді.
Парламент құрылымы
Парламент құрылымы
|
Фракция жетекшісінің аты-жөні |
Сыныбы |
Құқық және тәртіп фракциясы |
Тұрсынбаев Азимжан Татыгужин Абылайхан |
9 |
Ақпарат фракциясы |
Бектасова Дильназ |
11 |
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы |
Ақылбек Жанерке Бурамбай Мансур |
9 |
Өзін-өзі тану фракциясы |
Қосылбаева Зарина |
9 |
Қамқорлық фракциясы |
Балтабаева Адия Кеңес Фариза |
9 |
Мәдениет және өнер фракциясы |
Бектасова Дильназ |
11 |
Дебат қозғалысының фракциясы |
Амандық Нурида |
9 |
Экология және еңбек фракциясы |
Каирбекова Медина |
9 |
Мектеп парламентінің Президенті - Бурамбай Мансұр!
Ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында №12 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп парламентінің президенттігіне сайлау өткізілді. Сайлау барысында алғашқы 13-14 қыркүйек күндері үміткерлер таңдалып, оларға мектеп президентінің міндеттері мен парламент атқаратын жұмыстардың реті түсіндірілді.
Парламент президенттігіне үміткерлерге қойылған талаптар:
Ұстанымы қандай?
Мақсаты қандай?
Қандай ерекшелік енгізеді?
Неге мектеп президенті болғысы келеді? (қысқаша жоспары)
Сайлауға кімдер қатыса алады?
Аталған талаптарға сай іріктелген үміркерлер:
15 қыркүйек күні толықтай президенттікке үміткерлер өз мақсат-мүдделерімен оқушылар мен мұғалімдерді таныстырды. Үгіт-насихат (агитация) жүргізілді. Өз бағдарламалары туралы таныстырылым өткізіліп, сайлау күніне дайындық жүргізілді. Сонымен қатар мектептің ресми инстаграм парақшасына да оқушылардың бағдарламалары мен видеотаныстырылымдары жүктелді.
16 қыркүйек күні мектеп ғимаратының акт залында қорытынды сайлау жұмысы жүргізілді. Мектеп мұғалімдері, директор орынбасарлары, қызметкерлер мен оқушылар белсене қатысты. Сайлаудың әділ өтуіне мектеп парламенті мүшелері ат салысты.
Сайлау қорытындысында инстаграм парақшада жиналған «лайк» пен бюллетень саны саналып, нәтиже шығарылды.
Нәтижесінде 9 «Б» сынып оқушысы Бурамбай Мансур басым дауысқа ие болып, 19 қыркүйек күні салтанатты саптүзеуде мектеп парламентінің президенттігіне сайланды.
2022-2023 оқу жылына арналған "Ақ желкен" балалар ұйымының жылдық жұмыс жоспары