2024 жылдың 24 қыркүйегінде қалалық әскери комиссариаттың өкілдері капитан Сабыров Р.Г. және НВиТП оқытушы-ұйымдастырушысы Ахметов Р.О. 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары және оқуға түсу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
2024 жылдың 25 маусымында «Ашық есік күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы аясында 9-сынып оқушылары Көктем 18 мекенжайы бойынша «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне» барды.
01.10.2024 ж. ІТ салаға қызығушылықты арттыру мақсатында "Aqmola Hub" өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Бұл старт-ап ақпараттық технологияар саласында тегін білім беретін бағдарлама болып табылады.
22.10.2024 жылы Республика күні қарсаңында 10-11 сынып оқушылары А.Мырзахметов атындағы университеттің әскери кафедрасына экскурсияға барды. Әскери техникалар мен машиналарын қызықтап өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
Ағымдағы жылдың қазан айында жоспарға сәйкес 9-10 сынып оқушыларынан Резапкинаның "Профиль" әдістемесінен белгілі бір іс-әрекетке деген қызығушылықтары диагностикаланды.
Кәсіби бағдар беру мақсатында 2024 жылдың 19 қарашасында 10-11 сынып оқушыларына қаламыздың Абай Мырзахметов университетіне экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ЖОО жайлы ақпарат ғана алмай, сонымен қатар студенттердің өнерін тамашалады. Жауапты кәсібибағдар беруші: Альжанова А.А.
2024 жылдың 19 қарашасында мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары үшін қаламыздың Ш.Уалиханов атындағы ЖОО өкілдерімен кездесу өтті. Оқушылар ЖОО туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя отыра, тиісінше мәлімет алды.