№12 жалпы білім беру мектебінде 2025–2026 оқу жылы бойынша ыстық тамақ ұйымдастыру туралы
АНЫҚТАМА
2025–2026 оқу жылының басында мектепте 956 оқушы оқыған, оның ішінде 1–4 сынып оқушылары – 355, СУСН балаларынан 70 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қалған оқушыларға ақылы ыстық тамақ және буфет қызметі көрсетіледі.
Тамыз айының ортасынан бастап тегін ыстық тамаққа құжат қабылдау келесі тізім бойынша ұйымдастырылды:
Белгіленген форма бойынша өтініш;
Ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Некені тіркеу немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
Жұмыс істейтін ата-аналардың табысы, барлық қызмет түрлерінен түскен табыстар, әлеуметтік төлемдер бойынша анықтама. Отбасының жалпы табысы әрбір отбасы мүшесі үшін 50 755 теңгеден аспауы қажет;
Көпбалалы отбасылар үшін – ЦОН-нан көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
АСП алатын отбасылар табыс анықтамаларын бермейді.
Тегін тамаққа құжаттар пакеті оқу жылы бойы қабылданады.
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін төменде көрсетілген балалардың тізімі жасалды:
аз қамтамасыз етілген отбасылардан – 25 бала;
көпбалалы отбасылардан – 59 бала;
АСП алатын отбасылардан – 24 бала;
жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 8 бала.
Оқу жылының басында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруға барлық қажетті бұйрықтар шығарылды, тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы құрылды, комиссияның жұмыс жоспары әзірленді. Барлық қажетті құжаттар талапқа сәйкес толтырылады.
Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру үшін оқушылардың асханаға келу кестесі жасалды, мектеп әкімшілігінің кезекшілігі ұйымдастырылды, кезекші сыныптар үзіліс кезінде тәртіпті бақылайды. Сынып жетекшілері асханада тәртіп пен оқушылардың жеке гигиенасын қадағалайды. Оқушылардың тамақтануы әзірленген және бекітілген мәзірге сәйкес жүзеге асырылады, үзіліс ұзақтығы – 15 минут. Тамақтану кестесі мен күнделікті мәзір асхана ішінде және мектеп сайтында орналастырылған, барлық білім алу процесіне қатысушылар мен ата-аналармен таныстырылған.
Қазіргі таңда мектепте дәстүрлі тамақтандыру әдісі қолданылады. Ас блок қызметкерлері үшін арнайы киім кию міндетті болып табылады, бұл санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектеп асханасы қажетті ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген. Асхана 230 орынға арналған, үш раковина, аристон, екі кептіргіш, сұйық сабын бар. Ас блок тазалығына ерекше назар аударылады. Жуу және дезинфекция барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, рұқсат етілген дезинфекция құралдары қолданылады. Асхана қызметкерлері форманы киеді, зал тазалығын қадағалайды. Кестеге сәйкес дымқыл тазалау жүргізіледі. Тазалау құралдары маркіленген, дезинфекциялық құралдар талапқа сай дайындалған.
Оқушылардың тамақтануын есепке алу үшін «Алакан» аппараты орнатылған. Бұл – алақан веналарының суреті арқылы жеке тұлғаны биометриялық идентификациялайтын жүйе. Алдын ала ата-аналармен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тек ата-аналардың жазбаша келісімі бойынша оқушылардың биометриясы «Алакан» жүйесіне енгізіледі, келісім бермеген оқушыларға карточка беріледі. Бірінші карточка тегін, жоғалтқан жағдайда қалпына келтіру ақылы. Барлық оқушылар асханаға кіргенде «Алакан» жүйесінен өтеді.
Әлеуметтік педагог: Тургумбаева Г.Ж.
Күні: 29.09.2025 ж.