Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте тегін тамақтануға арналған құжаттар тізімі

ТЕГІН ТАМАҒЫНА ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

АСП алмайтын ата-аналар үшін:

  1. Өтініш (мектепте толтырылады);

  2. Ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны анықтау үшін қажет);

  3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  4. Некені тіркеу немесе тоқтату туралы куәлік / ата-ананың қайтыс болғаны туралы куәлік / форма – 4; егер неке бұзылған болса, атқарушы органнан алимент алған/алмағаны туралы анықтама;

  5. Табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақы анықтамасы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыс, балалар мен басқа асыраушыларға алимент түріндегі кірістер).

АСП алатын ата-аналар үшін:

  1. Өтініш (мектепте толтырылады);

  2. Ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғаны анықтау үшін қажет);

  3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  4. Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алушы ретінде отбасының мәртебесін растайтын анықтама, жергілікті атқарушы органдардан беріледі.

Кәмелетке толмағандардың қамқоршылары үшін:

  1. Өтініш (мектепте толтырылады);

  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. Қамқоршының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

  4. Бала асырап алу (қамқорлық), патронаттық тәрбие туралы уәкілетті орган шешімі, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, отбасыда тәрбиеленетін балаларға.

Төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмек қажет отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының басқару коллегиялық органы анықтайтын басқа да категориядағы оқушылар:

  • Үй-жай жағдайын тексеру нәтижесіне сәйкес коллегиялық орган шешімі.

Табыс туралы анықтамалар соңғы 6 айдан берігі мәлімет бойынша беріледі.
Тұтыну минимумының мөлшері – 56 803 теңге.
Мектепте өтініш толық құжаттар пакеті болған жағдайда ғана толтырылады (құжаттар тексерілгеннен кейін және тұтыну минимумы есептелгеннен кейін).


Текст