Текст
2020 жылы мектеп кітапханасының қоры жаңа оқулықтармен және салалық әдебиеттермен толықтырылды. Барлығы 2393 дана алынды, оның 189-ы салалық әдебиеттер. Кітапханада үнемі жаңарып отыратын «Жаңа кітаптар» кітап көрмесі бар.
Мектеп кітапханасының көркем әдебиет қоры классикалық қазақ тіліндегі кітаптармен толықтырылды, мысалы: Мақатаев М., Елубай С., Хайсенов Қ., Мағауин М., Шаймерденов С., Молдағалиев Ж. және басқалары. Орыс тілінде - Грин А, Толстой Л. , Чехов А., Крылов И., Погорельский А., Булгаков М., Цветаева М. және басқалар.
Балалар әдебиеті қоры үш тілдегі (қазақ, ағылшын және орыс) ертегілермен, өлеңдер мен әңгімелермен, тарих және биология бойынша жаңа салалық энциклопедиялармен толықтырылды. Бастауыш сынып оқушылары үшін өмірдегі этикалық мінез-құлықты дамытуға көмектесетін үш тілдегі «My Shape Book» кітабы алынды. Кітаптар жарқын, түрлі-түсті, ерекше дизайнмен жасалған.
Сонымен қатар, кітапхана жыл сайын мұғалімдер мен оқушыларға арналған мерзімді басылымдарға жазылады. Орта және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін кітапханада екі тілде журналдар бар - «Айгөлек», «Балдырған», «Балбұлақ», « Ерке бала», «Ертегілер әлемінде», « Маленькие академики»,« Мир сказок»,«Непоседа», «3\9 царство», «Маша и медведь».