Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінің базасында Көкшетау қаласының № 19 ЖОББМ инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталығы білім бөлімімен және тірек мектептермен және қалалық ПМПК бірлесе отырып, инклюзивті практиканы енгізу бойынша Көкшетау қаласы мектептерінің педагогтеріне топтық супервизия өткізді. Топтар 6 блоктан тұрды. Білім беру ұйымдарының басшының орынбасарларына, инклюзивті білім беру үйлестірушілеріне арналған, педагог-психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар, педагог-ассистенттер және пән мұғалімдері үшін. Семинар форматтың бірі-жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау, миға шабуыл жасау.