Текст
Оқушыларды жүйелі оқуға баулу мфақсатында және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2021 жылы 17-18 ақпанда мектеп кітапханасының оқу залында 1 сынып оқушыларына арналған «Оқырман қатарына қабылдау» кітапханалық сабақ-ертеңгіліктер өтті.
Іс-шара барысында балалар кітапханадағы негізгі тәртіп ережелерімен және кітаптармен жұмыс істеу ережелерімен таныстырылды, олар «абонемент» пен «оқу залы» дегеніміз не, мектеп оқулықтары көркем әдебиеттерден, сөздіктерден, анықтамалықтардан қалай ерекшеленетінін білді.
Ертеңгіліктің соңында әр оқушыға жаңа оқырман формуляры толтырылды, онда балалардың үйге алған кітаптары жазылды.