2025 жылғы 6 қазан мен 10 қазан аралығында №12 жалпы орта білім беретін мектепте эстетикалық цикл апталығы өтті.
Апталықтың салтанатты ашылуы акт залында театрландырылған көрініс форматында ұйымдастырылды. Іс-шараға әншілер, волейболшылар, футболшылар, суретшілер, қолөнершілер және бастапқы әскери даярлық өкілі қатысты.
Мектептің фойесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан құралған қолөнер және бейнелеу өнері көрмелері ұйымдастырылды.
Апталық аясында цикл пәндері бойынша викториналар мен қол күрес (армрестлинг) жарыстары өткізіліп, оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды және белсенді қатысуына себеп болды.
Эстетикалық цикл апталығы мектеп өміріндегі жарқын оқиға болды. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, дене белсенділігін және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталды.