Бұл іс-шараға 10–11-сынып оқушылары қатысып, өздерінің спорттық қабілеттерін, ептілігін және командалық рухын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жоғары ұйымшылдық танытқан 11 «А» сыныбының командасы иеленді.
Екінші орын – 11 «Б» сыныбының командасына,
ал үшінші орын – 11 «В» сыныбының командасына бұйырды.
Қатысушылардың жоғары нәтижелері олардың табанды дайындықтарының және жеңіске деген жігерлерінің айғағы болды.
Автомат қаруын жинау және бөлшектеу бойынша жеке есепте
Бірінші орынды жоғары шеберлігімен ерекшеленген Бексеитов Әлімхан иеленді.
Екінші орынды – Цуркан Данил,
үшінші орынды – Әпішев Әмір алды.
Бұл оқушылар өздерінің жылдамдығы мен дәлдігін көрсетіп, сайыстың ең қызықты кезеңдерінің бірі болды.
Турникке тартылу жарысында Тунаков Илья бірінші орынды жеңіп алды,
ал екінші орын – Әпішев Әмірге,
үшінші орын – Жұматаев Аланға бұйырды.
Еденнен қолмен итеріліп жаттығу (отжимание) бойынша абсолютті жеңімпаз атанған — тағы да Әпішев Әмір.
Екінші орын – Тунаков Илья,
үшінші орын – Аскаров Алдияр иеленді.
«Сарбаз» жарысы қатысушылардың тек физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар олардың бірлігін, табандылығын және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Оларға алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Мұғалім: Ахметов Р.К.