«Инновациялық мектеп» макеттер байқауы
10.10.2025
2025 жылғы 10 қазан күні эстетикалық цикл онкүндігі аясында «Инновациялық мектеп» макеттер байқауының қорытындысы шығарылды
Оқушылар байқау барысында өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялын және инженерлік ойлау дағдыларын көрсетті. Әрбір макет — экологиялық технологиялармен, заманауи дизайнымен және тиімді инфрақұрылымымен ерекшеленген болашақ мектептің бірегей жобасы болды.
Қазылар алқасы жұмыстардың жоғары деңгейде орындалғанын және қатысушылардың тың идеяларын ерекше атап өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл байқау оқушылардың шығармашылық және техникалық әлеуетін ашуға арналған шынайы алаңға айналды.
Мұғалім: Нығметжан Д.К.
Просмотров: 113