Эстетикалық цикл онкүндігінің салтанатты жабылуы

10.10.2025

2025 жылғы 10 қазан күні мектептің акт залында эстетикалық цикл онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті

Іс-шара барысында онкүндіктің қорытындылары шығарылып, белсенді қатысушылар мен байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Көрермендерге ерекше әсер қалдырған сәт – мектептің талантты вокалистері дайындаған мюзикл жанрындағы шығармашылық нөмір болды. Бұл жарқын өнер көрсету іс-шараның сәнін кіргізіп, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Онкүндік аяқталғанымен, шығармашылық шабыт, командалық рух және өзін-өзі дамытуға деген талпыныс оқушылардың бойында ұзақ уақыт сақталары анық.

Просмотров: 111


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу