🇰🇿 Республика күніне орай «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой» жобасы аясында «Біз – болашақтың шамшырағымыз» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыру, елжандылық сезімдерін ояту, ұйымшылдық пен әділдікке тәрбиелеу болды.
Ойын бес кезеңнен тұрды:
1️⃣ Таныстыру
2️⃣ «Ойлы болсаң, озып көр!»
3️⃣ «Кеменгер басшы»– капитандар сайысы
4️⃣ «Бәйге» кезеңі
5️⃣ Кері байланыс
Барлық топтар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлығын көрсетті.
Нәтижесінде:
🥇 1-орын — С.Сейфуллин атындағы #18 мектеп лицейінің "Жас тұлпар" командасы
🥈 2-орын —# 13 мектеп-гимазиясының " ЭКОдос" командасы
🥉3-орын —#14 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас қырандар" командасы иеленді.
#12 жалпы орта білім беретін мектебінің "Шаңырақ" командасы мен #16 жалпы орта білім беретін мектебінің "Smart жұлдыздар" командасы сертификаттармен марапатталды.
Ойын өз мақсатына толық жетті.
Іс-шараға келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, оң кері байланыс берді.
#РеспубликаКүні #АдалАзамат #ҰшқырОй #БолашақтыңШамшырағымыз #ИнтеллектуалдықОйын #БілімдіҰрпақ #ТәрбиеБағдарламасы #МектепТәрбиесі