«Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты

20.10.2025

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында сынып сағаты өтті

Бүгін бастауыш сыныптар онкүндігі жоспарына сәйкес 1 «В» және 1 «Г» сыныптарында
«Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу,
елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға үйрету.

Сабақ барысында оқушылар:

  • елдің мемлекеттік туын құрастыру тапсырмасын орындады;

  • «Асық ату» ұлттық ойынын ойнады;

  • Республика күніне арналған викторинаға қатысты;

  • патриоттық мазмұндағы суреттерді бояды.

Сабақ оқушыларға қуаныш пен шабыт сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттырды.

Сынып жетекшісі: Ибраева Ботагөз Әлімқызы

Просмотров: 123


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу