27.12.2025
2025 жылғы 27 желтоқсанда сағат 15:00-де Жаңа жағалауда отбасылық форматтағы қысқы іс-шара — «Креативті безендірілген шаналар шеруі» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық демалысты дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және қала тұрғындары үшін қысқы мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
Бұл іс-шараға біздің де мектебіміз қатысты🤗
Шара барысында қаламыздың мектептері ерекше безендірілген шаналарын ұсынып, шығармашылық дефиле форматында таныстырды. Арнайы құрылған қазылар алқасы идеясы мен безендірілуін және жалпы жасалуын бағалады.
Шерудің қорытындысы бойынша мектебіміз жүлделі 🥈орынға және 100 мың ақшалай сертификатқа ие болды.
Осы іс-шараға ат салысқан технология пән мұғалімдеріне Каримолдина Гульнара Сериевна, Нығметжан Данияр Қанатұлы, Кожахметов Данияр Муратбековичке алғысымызды білдіреміз.