21.01.2026
Бүгін, 21.01.2026 жылы, тарих пәні онкүндігі аясында №12 жалпы орта білім беретін мектептің базасында қала мектептері арасында: №8 ОМ, №14 ОМ және №16 ОМ қатысуымен қалалық зияткерлік ойын
«Қазақстан тарихы мен география: уақыт байланысы» тақырыбында өтті.
Қатысушы командалар білімнің өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыратын негізгі кілт екенін дәлелдеу үшін дәуірлер мен құрлықтар арқылы нағыз танымдық саяхатқа аттанды.
Оқушылар жоғары эрудицияларын, жылдам ойлау қабілеттерін, командамен жұмыс істей білуді және тарихтағы оқиғалар мен географиялық нысандар арасындағы байланысты таба алатындарын көрсетті. Ойын 7 турдан тұрды.
Әрбір тур қызықты сұрақтарға, логикалық тапсырмаларға және күтпеген жаңалықтарға толы болды.
Командаларға белсенді қатысқандары үшін, ал қазылар алқасына әділ бағалау мен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, оларды біріктіріп, оқу үдерісін қызықты әрі мазмұнды етеді.
🏆 Ойын қорытындысы:
1️⃣ орын — №14 ОМ
2️⃣ орын — №16 ОМ
3️⃣ орын — №8 ОМ
✨ География мен тарих — уақытты байланыстыратын ғылымдар. Ал білім — бізді біріктіретін күш!
Жауапты мұғалімдер:
география пәнінің мұғалімі — Азанова Г.К.
тарих пәнінің мұғалімі — Жапарова А.Р.