Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан тарихы пәнін 9-сыныпта оқытуда архивтік деректерді қолдану (1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары тақырыбы негізінде)» тақырыбында дөңгелек үстел

14.01.2026

2026 жылғы 14 қаңтарда тарих пәні онкүндігі аясында «№14 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Көкшетау қаласы №12 ЖОББМ КММ тарих пәнінің мұғалімі Жапарова Әсемгүл Рахметқызы қатысып, баяндама жасады.

Баяндама тақырыбы:
«Қазақстан тарихы пәнін 9-сыныпта оқытуда архивтік деректерді қолдану (1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары тақырыбы негізінде)».

Баяндама барысында архивтік материалдардың оқушылардың тарихи жады мен азаматтық санасын қалыптастырудағы маңызды құрал ретіндегі мәні ашылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қажымов Боташтың тағдырына ерекше назар аударылды. Архивтік құжаттар негізінде оның 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны туралы деректер, сондай-ақ кейінгі ақталу (реабилитация) үдерісін растайтын материалдар ұсынылды.

Бұл баяндама нақты адамдардың тағдырлары арқылы тарихты тұлғалық тұрғыда түсіндірудің маңыздылығын айқындап, Қазақстан тарихын оқытуда архивтік деректерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті.

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст