15.01.2026
Мини-орталықта «Мамандықтар әлемі» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы түсініктерін кеңейтті.
Іс-шараның мақсаты:
Балалардың мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, әртүрлі еңбек түрлеріне қызығушылықтарын арттыру. Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы қиялын, сөйлеу мәдениетін, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалар ойын арқылы дәрігер, мұғалім, аспаз және басқа да мамандықтардың рөлін сомдап, белсенділік танытты. Олар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Қатысушылар:
Асылым, Інжу, Айя, Амина, Аршат, Искандир.
✨ Мұндай танымдық іс-шаралар балалардың ой-өрісін дамытып, болашақ мамандыққа деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастырады.