03.04.2026
✨ 03.04.2026 жылы №12 ЖОББМ базасында «Білім берудегі инклюзия: болашаққа көзқарас» тақырыбында қалалық семинар-практикум жоғары деңгейде өтті.
📌 Семинар қалалық білім бөлімінің әдіскері Жайлауова Гүлнар Өмірбекққызының ашылу сөзімен бастау алды. Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақтар:
— Касымова Маххабат Мұратқызы
— Кусаинова Ляззат Мейрамовна
— Бекенова Гаухар Өмірзаққызы
семинар жұмысына қатысып, өз қолдауларын білдірді.
📊 Семинар барысында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмысының ерекшеліктері таныстырылып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмеге ұсынылды.
🎨 №12 ЖОББМ еңбек пәні мұғалімдері Каримолдина Г.С. мен Кожахметов Д.М. ұйымдастырған Шеберлік сағаттары аясында «String Art» және «Тепло рук» бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп, №12 ЖОББМ мен №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары белсенді қатысып, өз қабілеттерін көрсетті.
🗣 Сонымен қатар, №1 арнайы мектеп-интернатының еңбек пәні мұғалімдері
баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
💬 Психологиялық тренинг өткізіліп, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
🤝 Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды.
💙 Инклюзия – бұл тек білім беру емес, бұл – әр баланың жүрегіне жол табу. Осындай маңызды шараға қатысып, өз үлестерін қосқан барша әріптестерге алғыс білдіреміз!
#Инклюзия #БілімБерудегіИнклюзия #Семинар #ТәжірибеАлмасу #ЕББҚ #МектепӨмірі