2019 – 2020 оқу жылы
«Жаратылыстану» пәндері бойынша өткен апталықтың есебі.
Қаңтар айының 20 - 24 аралығында жаратылыстану ӘБ пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия, биология, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс- шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда Р.К. Шашкенова апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын сұрап апталықты ашты.
Сонымен қатар жиынға жиналған оқушылармен үш тілде интелектуалды ойыны өткізілді.
Келесі іс-шаралар өткізілді:
1. Сыныптан тыс іс-шара «Химиктердің турнирі» 8 сынып, мұғалім Шашкенова Р.К
2.Сабақтан тыс іс-шара «Білгірлер мен білгіштер»-5 сынып, мұғалім Байбазарова К.С.
3. Биология сабағындағы дебат сайысы «Вирустар - тірі ағза ма?» 7 сынып мұғалім Дюсенова А.Е.
4.Ашық сабақ «Еуразия материгі» 8 сынып, мұғалім Сагидулла К.
5. «Өмір биологиясы» интеллектуалды ойыны 9 сынып, мұғалім Муканов М.О.
6. Ғылыми - конференция «Қ.И. Сәтбаев мұраларының тарихы» 9,10,11 сыныптар, мұғалім Билялова О.М.
Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Аталған іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.
Әдістемелік апталықтың қорытындысы: жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты;
пән мұғалімдері ашық сабақтар мен ашық іс шаралар өткізді; ашық іс- шараға ӘБ мұғалімдері, оқушылар белсене қатысты.
Ұсыныстар: пән мұғалімдердің өзіндік талдауын жетілдіру; ашық іс-шара беру кезінде уақытты үнемдеу.
ӘБ жетекшісі: Шашкенова Р.К.