Текст
Бүгінгі таңда пиццаны үлкендер де, кішілер де сүйіп жейді. Ежелгі Египетте қамырдың бетіне ет пен көкөніс салып жейтін тағам байлар мен кедейлер арасында танымал болған. Ал заманауи пицца елімізде Италиядан келіп, үлкен танымалдылыққа ие болуда.
Бүгін мектептің асханасында "Мектеп асханасы" атты Республикалық акцияның негізінде 2 "Г", 3"Г", 4"А", 5" А", 6 "В" сыныптары арасында "Жас аспазшылар мектебі" атты мастер-класс өткізілді. Мастер-класс соңында барлық қатысушылар сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.