Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орындар!

10.08.2023

"Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 12 жалпы білім беретін мектебі" КММ бос  лауазымына ашық конкурс жариялайды:

Алғашқы әскери технологиялық даярлық педагог-ұйымдастырушысы – 1 ставка

 

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 139 672 теңгеден 161 136 теңгеге дейін

 

Лауазымдық міндеттері:

білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

      басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

       білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

      әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;

      әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;

      білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс - шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;

      оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

     Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";

       білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

       басқарудың инновациялық әдістері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

     Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      "Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.

     Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

       білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

       кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;

      сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

    "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

       тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

      аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

       аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;

       облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

       5) "педагог-шебер":

     "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

       облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

       республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

  

      Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

 

 

 

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс:

020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Вернадского көшесі, 46Б, анықтама телефоны: 51-15-36,  skola_12_kok@mail.ru

Просмотров: 88


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст