Оқу орыс тілінде жүргізілетін орыс тілі мен әдебиеті
апталығы аясында, ашық сабақтар, түрлі жарыстар мен іс-шаралар 2018 жылдың
12-16 ақпан аралығында өтті.
12 ақпанда 7-сыныпта «Общение в социальных сетях». тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар топтарда
жұмыс істеді, мәтінді талдап,оқытушының сұрақтарына жауап берді. Тапсырмалар әр
түрлі болды. Сабақ өте қызықты өтіп,сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді.
Оқытушы Абишева И.М.
14 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әміржанова Р.Б 6 «В» сыныбында ашық
сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы - «Склонение количественных числительных».
Сабақта түрлі тапсырмалар қолданылды,соның ішінде: мәтінмен жұмыс істеу,
жаттығулар жасау. Сабақ оқушыларға өте қатты ұнады.
2018 жылдың 15 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Кожахметова Р.К. 9 «В» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар
кешенді мәтіндік талдау жасап, өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын
бағалауды үйренді. Оқушылар ұсынылған
мәтіннің түрін және стилін анықтады. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.Қонақтар мен
оқушыларға сабақ өте қатты ұнады.
Аптаның ішінде қабырға газеті конкурстары мен эсселер
өткізілді. Жеңімпаздар анықталды.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығының ақырғы бөлімі 16
ақпанда өткен «Сатиры честное
зерцало…»сатиралық ертегінің фестивалі болды. 6-11 сынып оқушылары М.Е.
Салтыков-Щедриннің Д.И. Фонвизин, Н.В. Гоголь, А.П. Чехов және И.А. Крыловтың сатиралық
ертегілерінен үзінді қойып,көрермендердің назарына ұсынылды.Аралықта ұлы сатириктердің
өмірбаяны мен шығармалары туралы фактілер айтылды.Оқушылар Правдин мен
Хлестаковтың рөліне өте шынайы түрде кірді. Іс-шара қорытындылай отырып,
марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығының жабылуында белсенді
оқушылар мен конкурс жеңімпаздары марапатталды.