Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Биология, география, химия ӘБ-нің өткізген апталығы туралы есеп

06.02.2018

Биология, география, химия ӘБ-нің өткізген апталығы

туралы есеп  

29.01.18-02.02.18

 аралығында «Жер

Ана-ортақ үйіміз,табиғат-тылсым жұмбағы

Табиғатыңды тарту ет,аман бол Жердің

құндағы!»атты химия, биология, география пәндері

апталығы өтті.

29 қаңтар күні

мектебімізде химия, биология және география пәндер апталығының ашылуы бойынша

салтанатты саптүзеу өтті.Ұстаздар мен оқушылар апталықтың жоспарымен танысты.30.01 күні химия пәнінің мұғалімі Иманова

А.Н. «Карбон қышқылдарының жіктелуі» атты ашық сабақ 11 сынып оқушыларымен

өткізді. Оқушылар карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасынан бастап қасиеттерін,

алынуын, басқа минералды қышқылдармен салыстырмалы түсіндіре жан – жақты білім

алды.

        

Интербелсенді тақтадан  электронды

оқулық арқылы карбон қышқылдарының жіктелуі туралы видео көрсетті.Оқушыларға карбон

қышқылдарының жіктелуі туралы білімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау

қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар берілді .Сабақта  проблемалық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау

стратегиясы, дамыта оқытуға байланысты тәсілдерді қолданды.

30.01 күні

география пәнінің мұғалімі Сағидолла Қабатұлы «Ой мен ойын» сыныптан тыс сабақ

6 «А», 6 «Б»  сыныптарында 

өткізді.   Сынып оқушыларының пәндер

бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау мақсатында әр топқа

тапсырмалар берілді, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білді және өз білімдерін

көрсете білді. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл

байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын

еркін жеткізе білу, жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында сабақ сайыс түрінде өтті.

01.02 күні жаратылыстану

пәнінің мұғалімі Антонив В.В.

«Причины и последствия процессов, происходящие в неживой природе» 5 «В»

сыныбында  ашық сабақ өткізді.Физикалық және химиялық құбылыстар туралы түсінік

қалыптастырды.Оқушыларды қоршаған ортаны

қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге

тәрбиелеу мақсатында әр түрлі тапсырмалар бере отырып сындарлы оқыту

технологиясын қолдана білді.Сабақ бойы мұғалім қате жауаптарға «тағыда

ойланып көрші», «мұқият бол»Дұрыс жауаптарға «жарайсың», «өте керемет», «қандай

ақылдысың» т.б. мадақтаулар қолдана білді.

02.02күні «Қызықты биология» атты сыныптан

тыс сайыс сабағын биология пәнінің мұғалімі Байбазарова К.С.өткізді. Сабаққа

9«А» сынып оқушылары қатысты . Сыныптан тыс іс-шараның негізгі өткізілу  тәсілі: сабақ «Ойлан тап» ойыны  түрінде өтілді. Топпен жұмыс  балаларға 

өте ұнады.Бұл сабақта биологияның әр түрлі салалары ботаника, анатомия, зоология

және тұлғаларды тануға арналған қызықты сұрақтар қойылды. Сабақ үш кезеңге

бөлінді, бірінші кезеңде ботаника, зоология, анатомия, тұлғаны тануға арналған

сұрақтар болса екінші кезеңде биология,экология,биологияның әртүрлі салаларына

байланысты сұрақтар болды, үшінші кезеңде топ басшыларына арналған қосымша

логикалық тапсырма берілді. Топ мүшелері өздерінің қалаулары бойынша  әрбір ұяшықтарды таңдай отырып сұрақтарға жауап

берді. Екі сынып оқушылары да сыныптан тыс іс-шараға белсенді түрде қатысты. Іс-  шара  өте мазмұнды, 

оқушылардың  жас ерекшелігіне  сай 

құрастырылған,оқушылардың  ой-өрісінің кеңейтуге  ықпалы 

зор  болды.

01.02күні биология пәнінің мұғалімі Жумагулова

С.Н. 8 «Б» сыныбында «The ways of breathing»«Тыныс алудың маңызы » атты  ашық сабақ өткізді.Сынып оқушыларының білім деңгейі, белсенділігі жақсы. Оқушылар үш топқа бөлінді.    Үй жұмысы тексеру

барысында  «Домино» әдісі арқыл үш топтың оқушылары ағылшын

тіліндегі терминдік  сөздерді  сәйкестендіре отырып  кезекпен бір-біріне сұрақ қоя отырып оқушылар

үй тапсырмасын қайталап,білімдерін тексереді. Электронды

оқулықтан тыныс алу мүшелері туралы видеоролик көрсетілді.Жаңа тақырыптағы

терминдік сөздерді оқушылар ағылшын тілінде таныса отырып, оқушылардың

естерінде жақсы сақталып қалу мақсатында «Кім жылдам» ойыны түрінде тапсырмалар

берілді.Сонымен қатар оқушылар постер құрастырды және тақтаға шығып әр топ

постерлерін  қорғады. Оқушылардың

білімдерін бекіту мақсатында тест жұмыстары берілді. Оқушыларға таратылған кері байланыс парақшалары

арқылы бүгінгі сабақтың әрбір кезеңдері әсіресе топта бірлесіп жұмыс жүргізген

кезде жаңа тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеу арқылы тақырыпты толық

түсінгендерін және бір-біріне жоба арқылы түсіндіріп бере алғандарын қойылған

бағаның нақты  талданып түсінікті түрде

дәлелденгені оқушыларға ұнады.

01.02 күні химия пәнінің мұғалімі Шашкенова Р.К.

«Темір және оның қосылыстары» «Iron and its compounds»атты ашық сабақ 9«В»сынып

оқушыларымен өткізді.

Оқушыларға  темірдің периодтық жүйедегі

орнын, атом құрылысын, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері,

алынуы, қолданылуы туралы түсінік  берді.

Интербелсенді тақтадан  электронды оқулық

арқылы  темір және оның қосылыстарының

ерекшеліктері мен қолданылатын жерлерітуралы видео көрсетті.Оқушыларға  темір және қосылыстары туралы білімдерін

дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар берілді

.Сабақта терминдік сөздерді оқушылар ағылшын тілінде оқып үйренді, проблемалық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау

стратегиясы, дамыта оқытуға байланысты тәсілдерді қолданды.«Рухани жаңғыру»

аясында ұлттық табиғи саябақ мұражайына  

Билялова О.М. Сағидолла Қабатұлы7-8 сынып оқушыларын саяхатқа апарды

және «Құдіретті Жер-Ана»экология тақырыбы бойынша суреттер сайысы өтті.Ақпанның

екісі күні апталықтың жабылуы мәжіліс залында өтті.«Сокровища родного

края»Рухани жаңғыру аясындаөлкетану мұражайының қызметкерлерімен кездесу болды.

Оқушылар асыл тастар — минералдар мен

тау жыныстарының бірнеше түрлерін 

тамашалады.Біздің  қаламыздың

аумағында мекендейтін  ірі және ұсақ  жабайы дала 

аңдарыментанысты. Мұражайдағы құстардың алуан түрлілігі де оқушыларды

қызықтырмай қоймады, олардың ішінде торғайлар, жабайы үйректер мен қаздар,

құрлар, түнгі аңшылар – жапалақтар т.б. бар.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст