Оқу үрдісіндегі
кері байланыс оқу үдерісінің жағдайы мен оның қатысушылары туралы ақпарат алу үдерісі
болып табылады. Бұл ақпараттың көмегімен әрбір оқушының және тұтастай алғанда сыныптың жеке жетістіктерін
ескере отырып, оқу үдерісін диагностикалау, нәтижелерді бағалау, әрекеттерін,
әдістерін және тапсырмаларын түзетуге болады.
Мәселен, 27
қаңтарда Көкшетаудағы мектеп мұғалімдеріне арналған «Сабақтың мақсаттарына
қол жеткізудегі кері байланыс рөлі» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты: кері
байланыс мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімдерді жүйелеу;оқушының
және ұстаздың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін осы әдістерді енгізу жолдарын
қарастырды. Семинарға қала мектептерінің білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша
сабақ беретін мұғалімдер қатысып, онда пән мұғалімдері білім беру үдерісінде
кері байланыс әдіс жолдарымен бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Ұстаздардың назарына деңгелік курстарды
бітірген мұғалімдер коучингтар мен
шеберлік сағаттарын ұсынды:Кусаинова Б.К., Сейтенова Б.Е., Нуркенова М.Е.,
Иманова А. Н., Антонив В.В., Кусаинов С.А., Жумагулова С.Н., Саханова К.З.
Семинарда мұғалімдер топпен жұмыс істеп,практикалық тапсырмаларды орындады.
Семинар соңында
қорытынды жасалып, ұсыныстар мен тілектер айтылды.