Мұғалім - бұл тек ғылымды оқытатын адам ғана емес,
сонымен қатар рухани және моральдық тасымалдаушы. Мұғалімдер арнайы азаматтық миссияны орындауда
– ол жас ұрпақты тәрбиелеуде. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүр мен сабақтастығы
әр мектептің негізіне жатады.
2018 жылдың 13 қаңтарында ҚМУ «№ 12 орта мектебінде» «Жыл
мұғалімі» байқауының мектептегі кезеңі өтті . Ұстаздар қалалақ байқауға қатысу
құқығына ие болу үшін, өздерінің кәсіби шеберліктерін,біліктіліктерін көрсетті.
Конкурс 4 кезеңнен тұрды: «Менің кәсіби шеберлігім»
мұғалімінің таныстырылымы, «Мұғалімнің шығармашылық зертханасы» портфолиясын
бағалау, мастер-класс және викторина.
Байқауға
қатысқын мұғалімдер:бастауыш сынып мұғалімдері Тауболдиева Жанар Кыдырбаевна,
Данчева Ольга Михайловна, қазақ тілі пәні мұғалімі Кыдырменова Анаргуль
Сериковна, орыс тілі пәні мұғалімі Абишева Инара Марулановна, химия пәнінің
Иманова Асель Нурмухамедовна және ағылшын пәні мұғалімі Уразбаева Гульжан
Жасулановна. Қазақ тілі пәні мұғалімі Кыдырменова Анаргүл Серікқызының таныстырылымы
ән түрінде орындалып,өте ерекше болды. Бастауыш сынып мұғалімдері байқауға
өте жақсы дайындалыпты.
Мұғалімдер өз
шеберліктерін әзіл-оспақ түрінде де көрсетті .Әсіресе ағылшын тілі пәні мұғалімі Уразбаева Гүлжан
Жасұланқызының мастер – классы өте көңілді өтті.Іс-шараның қатысышулыры мен
қонақтары өздерін оқушылар ретінде сынап ,ойындарға өте белсене қатысты. Байқаудың жеңімпазы калалық конкурсқа қатысу
үшін жолдама алды. Біз оған тек қана табыс, жеңіс
тілейміз.