Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа
жылдық шыршасында біздің мектептің атынан Совет Сағыныш Қуатқызы қатысты. Оның
кандидатурасын педагогикалық ұжым жақсы оқығаны үшін,барлық
іс-шараларға,олимпиадаларға қатысқаны үшін таңдады.
21-22 желтоқсанда Бурабай кентінде жаңа жыл мерекесі
бірінші күні « Алмаз» мәдениет сарайында,ал екінші күні « Rixos» қонақ үйінде
өтті. Мерекеге олимпиада,шығармашылық байқаулар,фестиваль,спорт жарыстарының
жеңімпаздары,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,көп балалы отбасының балалары
қатысты. Президеттік шырша тарих пен дәстүрге бай. Осы шыршаға еліміздің барлық балалары баруды армандайды.Осында бүкілі
балалардың талғамына сай.Мереке ұйымдастырушылары жыл сайын жаңа жыл мерекесі балалардың
есінде ұзақ уақыт бойы қалуын қамтамасызетеді. Әсіресе балаларға иттер мен
аттарда мініп жүрген қатты ұнады. Мереке сыйлық сертификаты және селфимен
аяқталды.
«Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі
М.Мұрзалиннің шыршасына біздің мектептің атынан Кучербаев Диас қатысты.Оған да
жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.
Балалар осы жаңа
жылдық шаршаға қатты қуанып,өз әсерлерімен бөлісті.