Текст
4 – тамыз күні мектепте интеллектуалдық іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәнерін кеңейту, сонымен қатар психологиялық жаттығуларды тиімді өткізу. Аталған іс-шараны «Идентичность и единство» жетекшісі – И.М.Абишева ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара психологиялық тренингтермен басталды, балалар шеңбер құрып бір-біріне жақсы сөздер, тілектер айтып шықты. Одан соң қызықты викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Соңында балалар «Мен отбасымды жақсы көремін, себебі...» деген ойды жалғастырумен аяқтады. Барлық белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.