Көркемөнерпаздар елімізде ерекше орын алып, халық шығармашылығының бір түрі болып саналады. Осы
көркемөнерпаздар негізінде көптеген кәсіпқой әншілер, әртістер, бишілер, ансамбльдер бой көтерді. Біздің қаламызда бар және болашақ таланттарды қолдау бағытында жыл сайын көркемөнерпаздар байқауы өтеді.
2017 жылдың 15 наурызында біздің мектебімізде, мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 25 жыл және астанамызды Алматыдан Астана қаласына ресми түрде көшуіне 20 жыл толуына байланысты «Ақмола жұлдыздар - 2017» атауымен «Бабалар мұрасы – ұрпақ қазынасы» деген ұранмен көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Тақырыптың күрделілігіне қарамай оқушыларымыз күш-жігерлерін аямай байқау тақырыбын аша білді. Олар туған жерге деген махаббатарымен қатар еліміздегі тату өмірді де көрсете білді.
Байқау нөмірлері бір-бірін толықтыра тығыз байланыста болды. Қазақстан халқының бірлігін сақтауға шақырылды.Көрермендер театрланған көріністермен қамтылған ұлттық билерді тамашалады.
Ұлттық аспаптардың үндері күмбірледі. Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында билер және әндер орындалды.
Еліміздің астанасы-Астана қаласына арнап «Балбырауым» ансамблі және 6 сынып оқушысы Совет Сағыныш «Адай» күйін орындады. Қорыта келе мұғалімдер хоры болды.
Көрген және естігендерімен әділқазылар алқасы бір-бірімен бөлісті.
Әділқазы алқасы мектеп әкімшілігіне, музыка мұғаліміне, би мұғаліміне және мұғалімдердің кәсіпқойлығы мен
іскерлігіне бастарын иді.
Мектеп көркемөнепаздар байқауы өзінен кейін жаңа бастамалармен үлкен әсер қалдырды.