Деструктивті
діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам
денсаулығына қатер төндіреді.
Олардың жақтастары:
-
Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық
құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының
«бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды
және т.б.) жоққа шығарады;
-
зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
-
мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
-
мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман
әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде
Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
-
дәстүрлі
исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің
өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
-
заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.)
өшпенділік танытады;
-
заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет
ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;
-
медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан
құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
-
білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге
(биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.
ҚР ДІАҚМ Дін істері
комитеті