Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жер Ана-ортақ үйіміз,табиғат-тылсым жұмбағы Табиғатыңды тарту ет,аман бол Жердің құндағы!»

30.01.2017

Биология,география,химия ӘБ-нің өткізген апталығы туралы есеп

 

23.01.17-28.01.17  аралығында «Жер Ана-ортақ үйіміз,табиғат-тылсым жұмбағы Табиғатыңды тарту ет,аман бол Жердің құндағы!»атты химия, биология, география пәндері апталығы өтті.

23 қаңтар күні мектебімізде химия биология және география пәндер апталығының ашылу бойынша салтанатты саптүзеу өтті.Ұстаздар мен оқушылар апталықтың жоспарымен танысты.

25.01 күні химия пәнінің мұғалімі Шашкенова Р.К.  1-сынып мұғалімдері мен биология,география,химия пәнінің мұғалімдеріне «Критериальды бағалау» атты коучинг сабағын өткізді. Мұғалімдерге

түрлі бағалау тәсілдерін анықтауға көмектесіп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға бағыт берді.

26.01 күні химия пәнінің мұғалімі Адилов Е.А. «Темір және оның қосылыстары» атты ашық сабақ 9 сынып оқушыларымен өткізді.

Оқушыларға  темірдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы түсінік  берді.

Интербелсенді тақтадан  электронды оқулық арқылы  темір және оның қосылыстарының ерекшеліктері мен қолданылатын жерлері туралы видео көрсетті.Оқушыларға  темір және қосылыстары туралы білімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар берілді.Сабақта  проблемалық оқыту, сыни тұрғыдан

ойлау стратегиясы, дамыта оқытуға байланысты тәсілдерді қолданды.

 27.01 күні география пәнінің мұғалімі Сағидолла Қабатұлы «Оңтүстік және Латын

Америкасы»атты 7 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың өздеріне алдын ала тапсырма беру,іздену арқылы Латын Америкасының саяси картасының қалыптасуы тарихы мен мемлекеттік құрылымы мен

топтары туралы экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері,  табиғат

ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік- дағдыларын қалыптастырды, қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Латын Америкасы елдерінің ірі қалаларымен, халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстырды.Сабақ  саяхат сабақ түрінде өтті, рольдік ойын, картамен жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру, пікір сайыс,«Сандар сыры» ойыны түріндегі әдістерді қолданды.

26.01 күні география пәнінің мұғалімі Билялова О.М. Интеллектауалдық  ойын түрінде

«По материкам Южного полушария» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.Сабақ жарыс түрінде өтті.

Сабаққа 7 «Г» сынып оқушылары қатысты .Оқушылардың  география пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге үйретті.

26.01 күні биология пәнінің мұғалімі Антонив В.В. «Своя игра» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.

  Интеллектуалды ойын  сайыс түрінде өтті.  9 сынып  оқушылары қатысты . Мақсаты оқушылардың алған білімдерін бекіту, белсенділіктерін дамыту, ойлау қабілеттерін шыңдау.Ойын 5 бөлімнен тұрады,"Ең, ең", "Бұл не,

бұл қайда", "Сіз білесіз бе" т.б., әр бөлімнің мазмұны тақырыпқа сай құрастырылған, оқушының қызығушылығын арттырады.Ойын барысында биологиядан білімдері тексеріледі.

28.01 күні «Қызықты биология» атты сыныптан тыс сайыс сабағын биология пәнінің мұғалімі Жумагулова С.Н. өткізді. Сабаққа 9 «А»-10 «А» сынып оқушылары қатысты . Сыныптан тыс іс-шараның негізгі  өткізілу  тәсілі:  сабақ «Ойлан тап» ойыны  түрінде өтілді. Топпен жұмыс  балаларға  өте ұнады. Бұл сабақта биологияның әр түрлі салалары ботаника,анатомия,зоология және тұлғаларды тануға арналған қызықты сұрақтар қойылды.Сабақ үш кезеңге бөлінді, бірінші кезеңде ботаника,зоология,анатомия,тұлғаны тануға арналған сұрақтар болса екінші кезеңде биология,экология,биологияның әртүрлі салаларына байланысты сұрақтар болды, үшінші кезеңде топ басшыларына арналған қосымша логикалық тапсырма берілді. Топ мүшелері өздерінің қалаулары бойынша  әрбір ұяшықтарды таңдай отырып сұрақтарға жауап берді. Екі сынып оқушылары да сыныптан тыс іс-шараға белсенді түрде

қатысты.  Іс-  шара  өте мазмұнды,  оқушылардың  жас ерекшелігіне  сай  құрастырылған,оқушылардың  ой-өрісінің кеңейтуге  ықпалы  зор  болды.

28.01күні биология пәнінің мұғалімі  Байбазарова К.С. 8 «А»  сыныбында «Тыныс алудың маңызы » атты  ашық сабақ өткізді.Сынып оқушыларының білім деңгейі, белсенділігі жақсы. Оқушылар төрт топқа бөлінді.    Үй жұмысы тексеру барысында  «Сен маған мен саған» әдісі арқыл үш топтың оқушылары 2 сұрақтан кезекпен бір-біріне сұрақ қоя отырып оқушылар үй тапсырмасын қайталап,білімдерін тексереді. Электронды оқулықтан тынысалу мүшелері туралы видеоролик көрсетілді.Сонымен қатар оқушылар постер құрастырды және тақтаға шығып әр топ постерлерін  қорғады. Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында тест жұмыстары берілді.  Оқушыларға таратылған кері байланыс парақшалары арқылы бүгінгі сабақтың әрбір кезеңдері әсіресе топта бірлесіп

жұмыс жүргізген кезде жаңа тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеу арқылы тақырыпты толық түсінгендерін және бір-біріне жоба арқылы түсіндіріп бере алғандарын қойылған бағаның нақты  талданып

түсінікті түрде дәлелденгені оқушыларға ұнады.

 9-11 сынып оқушыларымен бірге медицина колледжінің мұражайына  саяхатқа бардық және «Атамекен-алтын бесік!» тақырыбы бойынша фото суреттер көрмесі, «Құдіретті Жер-Ана»экология тақырыбы бойынша суреттер сайысы өтті.

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст