Құрметті ата-аналар!
Брошюрада критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін
түсінуге көмек ретінде Сіздер үшін қысқаша ақпарат ұсынылып
отыр.
Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына,
жан-жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты
дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып
жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады.
Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін
бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының
дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын
жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі
енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына
түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау
критерийлері бекітілген.
Нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана
және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:
• Оқушы білім алудың қай сатысында
• Сабақ оқуда олар неге талпынады
• Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу
қажет
Ата-аналардың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі
қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетелейтінін есте
сақтағаныңыз жөн!