Қазақстан Республикасы Білім жән ғылым министрлігіосы
мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіби жетістіктер тілейді.
2013 жылы қаңтар айында Елбасының бастамасымен халыққа
білім алуда қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетігін көздейтін «Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғандығы
белгілі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 281 қаулысымен Қоғам Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) саласындағы оператор болып айқындалды.
МБЖЖ бағдарламасы жүйеге қатысушы банктерде мемлекеттен
сыйлықақы есептелетін және болашақта Қазақстанның және шетел колледждері мен
ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсалатын
білім беру депозиттерін ашу арқылы азаматтарды жеке қаражатын жинақтауға
ынталандыру үшін бағытталған.
Қазақстан тұрғындары арасында ақпараттандыру іс-шараларының
көптеп өткізіліп жүргеніне қарамастан халық арасында өткізілген әлеуметтік
сауалнама Қазақстан тұрғындарының МБЖЖ туралы хабардарлығы жеткіліксіз деңгейде
екендігін көрсетті.
Халықтың МБЖЖ туралы хабардарлық деңгейін арттыру
мақсатында Қоғам өз өңірлеріңізде ақпараттық қолдау көрсетуге, оның ішінде
төмендегідей іс-шараларды өткізуге барынша жәрдемдесудің мүмкіндіктерін
қарастыруды сұрайды:
- балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарын және мектеп оқушыларының
ата-аналарын Қазақстанда МБЖЖ бағдарламасының жұмыс жасайтындығы туралы
ақпараттандыру (ақпарат қоса беріледі);
- қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы балабақшалардың,
мектептердің стендтерінде ақпарат
орналастыру (ақпарат қоса беріледі);
- қалалардағы, аудан
орталықтарындағы және ауылдардағы перзентханалардың стендтерінде ақпарат
орналастыру (ақпарат қоса беріледі).
Осылайша, жергілікті атқарушы органдарының белсенді қатысуы Қазақстан
Республикасының Президенті белгілеген әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік
бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда елеулі көмек болатындығына сенімдіміз.
Қосымша2парақта.