« Жанды кітапхана» - бұл қызықты адамдармен жаңа қарым-қатынас
түрі.Оның мақсаты - әртүрлі мамандық иелерінің
бір-бірімен танысып, бір-бірімен сөйлесіп, өзара түсінісуі болып
табылады. Бұл қарым-қатынас үшін қауіпсіз, достық кеңістік. Мұнда күрделі
мәселелерді терең талқылап,соның ішінде тәрбие мәселелерін талқылауға болады.
«Жанды кітапхана» кешінде
мектебімізде келесі қонақтар болды:Ысқақов Нүржан Меңдібайұлы және Цуркан
Алексей Викторович.
Нүржан Меңдібайұлы
- үш баланың әкесі. Дидар мен Инабат біздің мектепте оқиды. Нүржан Меңдібайұлы
- облыстық балалар ауруханасында нейрохирург дәрігері.Отбасының тамаша әкесі мен отағасы «Табысқа қалай
жетуге болады?» презентациясын ұсынды, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу қажеттігі
туралы айтты, себебі біздің болашағымыз жас ұрпақтың қолында.Отбасы - кез
келген қоғамның және кез-келген өркениеттің негізгі бірлігі, ал бала -
отбасының айнасы.
Біздің мектепте
Алексей Викторовичтің де ұлы оқиды. Цуркан Алексей Викторович - Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі Көкшетау
техникалық институтының Инновациялық технологиялар, техникалық оқыту және
коммуникациялар бөлімінің бастығы.Алекей
Викторович бізге фотосуреттер,
презентациялар көрсетіп,және өзінің жұмысы туралы қысқаша баяндап берді.
Кеште жылулық пен өзара түсіністік
атмосферасы болды, өйткені біздің қонақтарымыз өте жағымды, қызықты,
шығармашылық адамдар. Мереке қонақтары жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері
үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды .
Кеш
қонақтарына біз әрі қарай шығармашылық табыс тілейміз!