19 қыркүйек күні 9-10 сыныптар арасында жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты Ү республикалық зияткерлік мектепішілік конкурс өткізілді. Конкурстың негізгі міндеттері: өлкетануда қызыушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау, туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру, жалпы тарих негізінде өз жерін, аймағын, өз қаласын, ауылын сүйуге бүкіл қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру. Конкурс негізінен 4 номинация бойынша өткізіледі. " Менің кішкентай Отанымның тарихы" номинациясы бойынша елді мекеннің тарихын презентациялау, "Кішкентай Отанымның символы" номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілігін көрсету. "Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша нысан макетін презентация түрінде таныстыру, "Менің тғуан өлкем" номинациясы бойынша-өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.