«№12 орта мектеп» КММ кітапханасында М.Дулатовтың 135 жылдығына арналған «Міржақып Дулатұлы- жалынды көсемсөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Міржақып Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп, қазақ қоғамында жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамзаттың ескіліктен, мешеуліктен, зорлық зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген «Оян, қазақ!» жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Ал қазақ әйелінің ауыр халін шынайы бейнелеген «Бақытсыз Жамал» атты романы ұлттық әдебиетіміздегі тұңғыш прозалық шығарма. Жиырма бес жастағы Міржақып Дулатов ұлттың рухани тарихында терең із қалдырды, бірінші романшы атанды.