«№12 орта мектеп» КММ кітапханасында қазақ халқының сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығына арналған «Сапарғали Бегалин-балалар әдибиетінің көрнекті өкілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сапарғали Бегалин – әдебиетіміздің поэзия, проза жанрланырда тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның суреткер қаламынан жиырма бес поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды. Ол сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып – туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.
Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды. Жазушының есімі тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балаларға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған.
Бүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы» деген атағы тарихта қалып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік балалар кітапханасына 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин есімі берілді. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек.