6 қазан күні мектебіміздің қабырғасында ерекше қызығушылық пен жинақылық атмосферасы орнады.
«Өнерге шек жоқ» эстетикалық цикл онкүндігі аясында 10–11-сынып оқушылары арасында ең мерген қатысушыларды анықтауға арналған қызықты «Мерген» атты садақ ату сайысы өтті.
Садақ ату – жай ғана спорт емес, бұл физикалық күш пен ептілікті ғана емес, сонымен қатар зор зейін, сабыр және дәлдікті қажет ететін нағыз өнер. Дәл осы қасиеттерді жас мергендер жарыс барысында көрсете білді, мектептің ең шебер «мергені» атану үшін бақ сынасты.
Қызу тартыс нәтижесінде командалық есепте жеңімпаз атанған – 11 «А» сыныбының командасы, олар жоғары деңгейдегі ұйымшылдық пен шеберлікті паш етті.
Екінші орынды лайықты бәсекелестік көрсеткен 11 «В» сыныбының командасы иеленді.
Үшінші орынды табандылық пен жеңіске деген жігерінің арқасында 10 «А» сыныбының командасы жеңіп алды.
Жеке есептегі жарыс та бірдей тартысты өтті.
Ұлдар арасында мектептің ең үздік мергені атағын Әпішев Әмір иеленді.
Екінші орын — Бексеитов Әлімхан,
үшінші орын — Дәулет Әбубәкір.
Қыздар арасында бірінші орынды Әміржанова Дильназ,
екінші орынды Қаппасова Алтынгүл,
үшінші орынды Сейдахмет Наргүл жеңіп алды.
«Мерген» сайысы «Өнерге шек жоқ» онкүндігі аясындағы ең жарқын оқиғалардың бірі болды. Бұл шара өнердің түрі тек музыка мен сурет емес, ежелгі әрі мәртебелі садақ ату өнерінде де көрініс табатынын дәлелдеді.
Қатысушылар спорттық шеберліктерін ғана емес, командалық рухты, табандылықты және мақсатқа жету жолындағы ерік-жігерді де көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта да табыстар, жаңа спорттық және шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Олардың шеберлік жебелері әрдайым нысанаға дәл тисін!
Мұғалім: Ахметов Р.О.