2011 жылдан
бастап,Қазақстан Республикасында «Қамқоршы күнін» атап өтіу дәстүрге
айналды.Бұл ерекше мереке ,балаларды тәрбиелеу мақсатында ауыр жүкті алған
адамдар үшін,панасызға пана болып,қамқорсызға қамқор болып,оларды өздерінің
жан-жылулықтырына, нәзіктігіне,махабаттарына бөлеген адамдар үшін арналған
қайырымдылық іс-шара.
26-шы қазанда «№12 мектебі» ҚМУ базасында «Қорғаушы күні»қайырымдылық
іс-шарасы өтті.Іс-шараға әр түрлі жастағы 30 балаға қамқор болған 26 отбасы
қатысты.Олардың кейбіреуіне жақын туыстары қамқоршы болған,ал кейбірі
бұрын-соңды көрмеген адамдардың қамқорлығы мен незіктігінің арқасында отбасы
тапты.Әрине барлығы мерекеге қатыса алмады,бірақ мереке басталмай жатып мектеп
акт залы балалардың күлкісіне толды. №12
орта мектеп директоры Сейфулин Т.Е.
барлық қатысушыларды құттықтап, балалар өміріне ат салысып,өздерінің
қамқоршылықтарын көрсетіп жүргендері үшін алғыс айтты. Барлық отбасыға
жақсылық,денсаулық тіледі. Қамқоршылар алдында №12 ОМ,№14 ОМ,№16 ОМ мектептерінің оқушылары концерттік бағдарлама
көрсетті. Қамқорлықтағы балалар да домбырада күй ойнап,мысалдар оқып,ана туралы
өлеңдер айтты. Көкшетау қаласының білім
бөлімінің басқармасы атынан қамқоршыларға гүлдер тапсырылды. Қамқоршы Черкиева
Л.Х. концерттік бағдарлыма
ұйымдастырғаны үшін барлығына өз алғысын білдірді.
Үш мектептің әлеуметтік педагогтары
№12 орта мектебнің ә.п Тургумбаева Г.Ж. ,№14 орта мектебінің ә.п
Ерденова А.Б ., №16 орта мектебінің ә.п Айтманова Т.К. осы мектептердің
қамқоршыларына мерекелік концерт ұйымдастырды.