«Ұстаз! Сіздің атыңыздың алдынды тізе бүгіп тұруыма рұқсат етіңіз! Сіз, бізді адамгершілікке үйреттіңіз,ең алғаш, сіз,халақ туралы ойладыңыз , ең алғаш теңдік,бауырластық, еркіндік туралы айттыңыз .....»
Н.А.Некрасов
1994 жылы ЮНЕСКА-ның шешімі бойынша,5-ші қазанда бүкіл дүниежүзілік ұстаздар күні атап өтілетін болды.
Барлық дүниежүзі 5-ші қазан ұстаздар күнін атап өтетін болса,ал Қазақстан –
қазанның бірінші жексенбісінде мұғалімдер күнін
атап өтеді.
Ұстаздар күні – ең сүйікті
кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні мұғалімдерге оқушылары гүл сыйлап,құттықтау
сөздер айтып,концерттер ұйымдастырып,әдемі қабырға газеттерін жасап және дәстүрлі түрде көптеген мектептерде
Өзін-өзі басқару күнін өткізеді.
Мұғалімдер күні қарсаңында «12 орта мектебі» КМУ-де Өзін-өзі басқару күні өтті. Осы күні мектеп оқушылары құрметті мұғалімдерді алғыс сөздермен қарсы алды. Бұл күні мектеп мұғалімдері өздерін оқушы ретінде сынап көрді. Олар үшін мектеп күні таңертенгі жаттығудан басталды,11-сынып оқушылары жаттығу жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектері мұғалімдердің рөлін атқарды,сабақ өткізді, күнделіктерді тексерді,сап түзеуін өткізді.
Мұғалім – бұл тек ғылымды оқытатын адам ғана емес,сонымен қатар рухани және
моральдық тасымалдаушы. Мұғалімдер арнайы азамматтық миссияны орындауда – жас
ұрпақты тәрбиелеуде. Олардың білімі мен тәжірибесі,дәстүр мен сабақтастығы әр
мектептің негізінде жатады.
Мектеп оқушылары дайындаған гала-концерт мерекелік көңіл-күйді көтеруге
көмектесті. Кездесуге білім беру саласының ардагерлері шақырылды. Мектептің ең
үздік оқытушылары жоғарғы кәсіпқойлық пен білім беруге қосқан үлестері
үшін мадақтама грамоталарымен,алғыс
хаттармен марапатталды.
Бүгінгі күнде барша ұстаздарға зор
денсаулық ,бейбітшілік, әрі қарай гүлдене берулеріне тілектеспіз. Сондай-ақ шындықты және білімді ұлықтайтын,өзара
түсінісетін ұжымды және үздік оқушылар
алдарыңыздан ұша берулеіне тілектеспіз!