Желтоқсан айында мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" кітап көрмесі жұмыс істейді. Мақсаты: Оқырмандарды тәуелсіз демократиялық мемлекеттің қалыптасуы және оның қазіргі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуы туралы хабардар ету. Кітап басылымдары көрмеде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Кітаптар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қайғылы оқиғалар, желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдар туралы әңгімелейді. 1986 жылғы саяси оқиғалар Қазақстан халқының тағдырында бетбұрыс болды және Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесін реформалауға ықпал етті. Көрменің бір бөлімі Қазақстан Республикасының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевқа арналған. Көрмеге кітап және мерзімді басылымдар қойылды.