Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 12 ЖОББМ-нің педагог-психологының 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша есеп

«№ 12 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

№ 12 ЖОББМ-нің педагог-психологының 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындады:

№ 12 мектеп педагог-психологы

Байгожина Д.С.

 

 

 

 

 

Педагог-психологтың 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Жұмыс мақсаты: білім беру ортасының барлық субъектілерінің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкес толық психологиялық тұлғалық дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Жұмыстың негізгі бағыттары: диагностика, түзету-дамыту жұмыстары, психологиялық-педагогикалық ағарту, кеңес беру, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, психологиялық қызметтің жылдағы қызметі туралы талдамалық есептер:

Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында келесі жұмыстар жүргізілді:

Диагностика:

1-сынып: баланың мектепке дайындығын бағалау, өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу, мектептегі мотивация деңгейін зерттеу.

2-4 сыныптар: танымдық процестерді зерттеу, мотивация деңгейін зерттеу.

5-сынып: өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу, социометрия, мазасыздықтың экспресс-диагностикасы.

6-7сынып: А.М. Прихожан жеке мазасыздану шкаласы.

8-11 сынып: аутодеструктивті мінез-құлық диагностикасы. Эмоционалдық жағдайын зерттеу мақсатында Айзенктің «Психикалық жай күйін өзін-өзі бағалау» сауалнамасы жүргізілді.

6-11 сыныптар өзін-өзі бағалау деңгейін, «Спилберг Андрееваның орта және жоғары сыныптарында оқуға деген мотивация мен эмоционалды қатынасты диагностикалау» әдістемесі, ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау.

11 сынып оқушыларымен «Емтиханға психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек?» әңгіме жүргізілді.

Түзету-дамыту жұмыстары:

Психологиялық-педагогикалық білім беру:

-Ата-аналар жиналысы 7-сынып. 

-11 сынып ата-аналар жиналысы

Сабақтарға қаттысу: 1 сыныптардың бейімделуі – 4, 5 «Е» сыныбы - 3.

Мектепішілік есепте 1 оқушы есепте тұр. Онымен жоспар бойынша топтық немесе жеке жұмыстар атқарылып жатыр.

Кеңес беру:

 Қыркүйек айы мен желтоқсан айы аралығында оқушылармен 10 жеке консультация, мұғалімермен 2 жеке консультация, ата-анамен 1 жеке консультация өткізілді.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс:

- Психологтың жұмысын жоспарлау, мәліметтер базасын түзету.

-1-11 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге ата-аналардың келісімдерін жинау.

- 1, 5 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша анализ жасау.

- Диагоностикалары өндеу, хаттамаларды толтыру.

- Ақпараттық стенды толықтыру.

- Хаттамалар толтыру, атқарылған жұмыстар бойынша есеп дайындау.

- Атқарылған жұмыстар туралы күнделік толтыру.

Психолог 6 «Б», 8 «Б»  сыныптарында оқушылардың мінез-құлқын, сабақтағы ұйымшылдық деңгейін, көшбасшы мен бөгде адамды анықтау, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты бақылау мақсатында сабақтарды аралады.

Қараша айында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті педагогикалық зертхана өкілдері Ракишева Г.М. және Жантемирова М.Б.-мен бірлесіп мектеп педагогтарына «Білім беру ортасындағы буллинг және  кибербуллингтің салдары. Алдын алу әдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

(Сілтеме https://www.instagram.com/p/CzoYSsIsIuQ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==)

Желтоқсан айының 11-20 аралығына «Психология апталығы» өткізілді.

 Апталық барысында 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымның аптасы» тақырыбында эссе жазу,  бастауыш сынып оқушылары арасында «Ең қызықты жаңылтпаштар», «Ойын сауық грамматикасы», 5-6 сынып оқушылары арасында «Жол іздеушілер» акциясы және «Ойлайықта ойнайық» интеллектуалдық ойындар өткізілді. Барлық оқушылар апталықта жоспарланған тасырмаларға белсене қатысты.

(Сілтеме https://www.instagram.com/reel/C0vjquVMWa4/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==)

Сонымен қатар, апталық барысында «Өзіңе қамқор бол» тақырыбында мектеп педагогтерімен тренинг өткізілді. Тренингте мұғалімдер бір-бірімнен жақынырақ танысып, эмоционалдық күйіп қалудың себептерін талқылады және іс жүзінде эмоционалдық шиеленісті жеңілдету жолдары талқыланды.  

(Сілтеме https://www.instagram.com/reel/C0wMgUrMdQj/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==)

Қорытынды: педагогикалық психологтың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығындағы барлық іс-шаралары жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді. Диагностика мен кеңес беруге ерекше көңіл бөлінді. Атқарылған жұмыстарды саралай келе, 2 жартыжылдыққа міндеттер белгіленді:

  1. Психологиялық қолдауды қажет ететін балаларды дер кезінде анықтау және олардың үйлесімді дамуына жағдай жасау.
  2. Мұғалімдердің кәсіби шаршауының алдын алу бағытында жұмыс жүргізу.
  3. Анықталған балалармен қайталама диагностика жүргізу.
  4. Жоспар бойынша барлық жұмыстарды атқару.

 

 

Педагог-психолог Байгожина Д.С.

Жаңартылған күні: 10.02.2024 23:03
Құрылған күні: 11.02.2024 16:59

Текст