Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы №611
бұйрығымен бекітілген
Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:
Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:
қатық, сүзбе, айранды, туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді; кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье); морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; саңырауқұлақтарды; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды,
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды; ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді дайындауға және өткізуге; пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін; механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін; құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты; сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін; генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.