Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп асханасы

 
 
Мектеп    асханасы
        «Ас – адамның арқауы» дегендей мектеп оқушыларының сапалы тамақтануы - олардың денсаулығы мен сабаққа деген ынтасының артуына ықпалы зор. Осы ретте мектеп асханасы қызметкерлері бар күштерін салуда.          Асханада 7 қызметкер жұмыс жасайды. Оның екеуі 4 разрядты аспаз, екеуі нан өнімдерін пісірумен айналысса, 1 ыдыс жуушы, 1 стол жасайтын және кассада  қызметкер. Жалға алушы жеке кәсіпкер Т.Р. Шуатаева балалардың тамақтануына толығымен жауап береді.
       ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 16 тамыз 2017 ж. №611 бұйрығымен шыққан «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» қағидаларымен барлық қызметкер танысып, сол талаптарды орындай отырып жұмыс жасауда. Бұл заңнаманың 7 бөлімі білім беру ұйымдарындағы тамақтануға арналады және заңнамаға сәйкес мектеп медбикесі арнайы бракераж журналына күнделікті тіркеп отыр. Арнайы асхананы тексеруге бракераж комиссиясы құрылған. Қомиссия құрамында мектеп директорының орынбасары, медбике, әлеуметтік педагог және қамқор кеңесі төрағасы бар. Олар тексеріс барысында тамақ сапасына, қызметкерлердің сырт бейнесі, гигиеналық талаптарға сай болуына қатты назар аударады. Санитарлық кітапшаларын, ыдыстардың тазалығын, сатып алынған өнімдердің жарамдылық мерзімі мен келісімшарттарын тексеріп акт жасайды. Асхана мектеп оқушыларын тамақтандыру үшін барлық керекті заттарды қамтиды: құрылғылар, құралдар, тамақ бөлмесінің ұсталуы, нормативті құжаттардың белгіленген шарттарға сай болуы. №12 орта мектепте 989оқушы оқиды, оның 130 оқушысы арнайы құжаттармен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары есебінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Олар: (кесте). Сондай-ақ, асхана арендаторы Т.Р. Шуатаева өз есебінен 2 баланы тамақтандыруда. 2022 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 38627 теңгені, күнделікті тегін тамаққа бөлінген қаржы мөлшері 750 теңгені құрайды.
 
Оқушы саны Ыстық тамақ
пен қамтылған оқушы саны Ыстық тамақпен қамтылған әлеуметтік аз қамтылған және саны Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылғандар Соның ішінде жетім балалар Соның ішінде көп балалы 1-4 сыныптар бойынша 5-11
сыныптар бойынша 10-11
сыныптар бойынша
901 901 235 120 8 63 434 467 16
 
Жаңартылған күні: 12.04.2019 21:10
Құрылған күні: 11.07.2023 15:22

Текст