Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 12 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Кокшетау каласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит

09.08.2017

Денсаулық

– адам өмірінде басты құндылық. Егер адам ақылға салапе, табиғаттың

өзіне сыйлаған мүмкіндектерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті

бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар.

Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе – қоршаған ортаның

ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының болуы.

Осының салдарынан көп тарайтын аурудың бірі – сары ауру.

Жұқпалы

сары ауру немесе вирусты гепатит  - бауырдың кең тараған ауруларының

бірі. Оны сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай тірі

организм – вирус тудырады. Вирус тұрмыстағыластанған заттар, қол, су,

тағам өнімдері арқылы айналадығыларға беріледі. Гепатит А-ның негізгі

белгілері:

тәбеттің төмендеуі;

оң қабырғасының астының ауруы;

дене қызуының көтерілуі;

жүректің айнуы;

кейде құсуы;

әлсіздік; дімкәстік;

зәр түсінің қоңырлануы;

үлкен дәреттің түсінің ағаруы;

көз ағының сарғаюы; кейін терінің сарғаюы.

Санитарлық

ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты

гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға

ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ

өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы 3 апта ешқандай белгілер білінбейді.

Мұны жасырын инкубациялық кезең деп те атайды. Дәл осы кезеңде дәрігерге

қарану өте маңызды, дәрігер сзерттеу тәсілдерініңң көмегімен диагнозды

дұрыс қойып, ем береді және режим, диета белгілейді. Асқынудың алдын

алады. Инкубациялық кезеңнен соң сарғаю басталады. Алайда аурудың

сарғаймайтын формасы да кездеседі, бұл айналадағы адамдарға қауіпті.

Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан кейін дене сарғайып

кетеді. Науқас жеке адам гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтау

керек, қайнатылған немесе өз шөлмегіңдегі  суды ішу; тамақ ішер алдында,

дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен соң қолыңызды сабындап жууды

әдепке айналдыру; суға әдейлеп бөлінген жерде шомылу; ашық су

айдындарынан, өзеннен алынған судыішуге пайдаланбау; көкөністер мен

жемістерді жақсылап, мұқият жуып пайдалану.

Вирустық

гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асхана, кафе,

азық-түлік дүкендерінде санитарлық гигиеналық ережелер ұқыпты түрде

орындалуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде

балалар санының артық болуын және оларда тазалықтың сақталуын қадағалап

отырған абзал. Балалар әрбайым медициналық тексеруден өтуі тиісті.

Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілулері қажет.

Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда

қорытынды дезинфекция 3% хлорды дәрімен міндетті түрде өткізілуі

қажетнемесе соңғы шыққан дизинфекциялық дәрілерді кеңінен пайдалану

керек: деохлор және жавелин таблеткалар, авансепт, мистраль, ID-212,

FD-312 концентрациялық сұйықтар. Аурудың үйінде бөлмелері, ыдыс-аяқтары,

әжетханалар, ал мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде

ауырған болса, сол ауруға бала оқитын сынып бөлмелері, дәліздер және

әжетханалар зарарсыздандырылады.

Сол

себептен алдын-ала сақтақ шараларын жасап, дәрігермен жиі кеңесіп, өз

денсаулықтарыңызды күткеніңіз жөн. Өйткені денсаулық-басты байлық екенін

ұмытпаңыздар.

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст